
ШҚО ПД бастығы Глубокое ауданының оқушыларымен кездесті
Бүгін ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков Глубокое кентінде балалардың қауіпсіздігі, дабыл батырмасы мен бейнебақылау камераларын тексерді.
Кенттің орта мектептерінің акт залы жоғары сынып оқушыларымен толы болды, себебі олардың сұрақтарына облыс Полиция департаменті бастығының өзі жауап берді. Аймақтың бас полицейі балаларға қылмыскерлердің құрбаны болмау және қылмыстық әрекетке бармау, есірткінің зияны, қорқыту және жол қауіпсіздігі туралы айтты.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша мұндай жұмыс барлық оқу орындарында жүргізіледі, өйткені балалар осындай жасөспірім кезінде қылмыстық жазаға тартылуға әкеп соғатын қателіктерге бой алдыруы мүмкін.
"Көбінесе жасөспірімдер мұны істеуге болмайтынын, ол үшін жазаланатынын білмегендерін айтады. Алайда, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, ал қасақана заң бұзу ауыр зардаптарға әкеледі", - деп атап өтті спикер.
Полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков дабыл батырмалары мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысын жеке өзі тексеріп, мектептегі балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды.
Айта кетейік, облыстың барлық мектептерінде 7500-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың басым бөлігі аудандық полиция бөлімдері мен ШҚО ПД жедел басқару орталығына біріктірілген. Барлық қабылданған шаралар біздің балаларымызды қорғауға бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі