ШҚО-да браконьерлер жыл басынан бері 31 миллион теңгеге 5 тоннаға жуық шаян аулаған

ШҚО-да браконьерлер жыл басынан бері 31 миллион теңгеге 5 тоннаға жуық шаян аулаған

                                                                                    ШҚО-да браконьерлер жыл басынан бері 31 миллион теңгеге 5 тоннаға жуық шаян аулаған


Шығыс Қазақстан облысы полицейлерінің «құрығына» соңғы болып облыстың 44 және 41 жастағы тұрғындары іліккен.


Тәртіп бұзушылардың бірін тәртіп сақшылары "Өскемен-Самар" тасжолында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында анықтаған. 41 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны өз газелімен жалпы салмағы 1800 килограмм болатын 100 қорап тірі шаянды тиісті құжаттарсыз тасымалдаған.


Табиғатқа келтірілген шығын сомасы шамамен 11 000 000 теңгені құраған.


Күдікті оларды Күршім ауданынан белгісіз адамдардан сатып алып, кейін Өскемен қаласында сатуды жоспарлағаны анықталды.


Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК –нің 335-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Екінші құқық бұзушыны тәртіп сақшылары "Күршім – Үлкен Нарын" тасжолында ұстады. 44 жастағы Ұлан ауданының тұрғынының көлігінде 92 қапқа салынған жалпы салмағы бір тоннадан асатын тірі шаян табылған. Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы 7 700 000 теңгеден асатынын хабарлады.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері шаяндарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 5 фактісі тіркелді. 11 айда браконьерлер 5 тоннаға жуық балық аулап, 31 000 000 теңгеден астам шығын келтірген.

                                                                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі