ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам қайтадан мас күйде көлікті басқраған

ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам қайтадан мас күйде көлікті басқраған

                                                                                   ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам қайтадан мас күйде көлікті басқарған

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған көлікті басқарған мас күйде ұстаған.

Самар ауылын патрульдеу кезінде аудан көшелерінің бірінде тәртіп сақшылары масаң күйде көлік тізгіндеген 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Мазда 626" маркалы көлік құралын тоқтатқан.

Жүргізушіні наркологиялық сараптамадан өтуге жіберген соң, нәтижесінде масаң болудың жеңіл дәрежесі анықталған. Ер адам ағымдағы жылдың қыркүйек айында сот шешімімен жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заңнаманың күшеюіне қарамастан, масаң күйде көлік жүргізуге құштар адамдар әлі де бар. Сот қылмыскерге қатысты бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл, сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларының нақты біреуін айқындайды.

Жыл басынан бері өңірде 1 000-нан астам жүргізушінің масаң күйде көлік жүргізгені, оның 62-сі бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанын атап өткен жөн.

                                                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі