
ШҚО-да Өзбекстаннан келген екі заңсыз мигрант ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері еш жерде тіркелмей, рұқсатсыз жұмыс істеген екі Өзбекстан азаматын ұстаған.
Полиция қызметкерлері Алтай ауданында "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз аудан дүкендерінің бірінде еңбек қызметімен айналысқан ер адамдарды анықтаған.
Көші-қон кодексінің талаптарын бұзғаны үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4, 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері шетелдіктердің ҚР Көші-қон заңнамасын бұзуының 180-нен астам фактісі анықталған.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша келген шетел азаматтарының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі