
Шығыс Қазақстан полицейлері жоғалған 6 жасар баланы жарты сағат ішінде тапты
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында жоғалған қызды 30 минут ішінде тапты.
Кешке Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің 102 арнасына кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы өтінішпен қала тұрғыны жүгінген.
Әйел адам алты жасар қызымен бірге үйде болғанын айтқан. Демалу үшін жатуға шешім қабылдаған анасы ұйықтап қалған, ал оянғанда қыздың үйде жоқ екенін байқаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері іс-қимыл жоспарын жасап, іздеуге кіріскен. Баланы іздеуге полиция бөлімінің саптық және жедел бөлімшелерінің: патрульдік, учаскелік инспекторлардың, криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлерінің күштері жұмылдырылды. Полицейлер тұрғын үйлердің аулаларын, ойын алаңдарын, сондай-ақ бала кіре алатын дүкендерді қарады.
30 минуттық іздеу шараларынан кейін бүлдіршін досының үйінен табылған.
Қуанған ана қызын тез тауып алып, қайтарған полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді.
Полиция қызметкерлері балаларын қараусыз қалдырмауды және мұқият болуды сұрайды. Қараусыз қалған бала кез келген уақытта өлімге душар болуы мүмкін. Егер сіздің жақын адамыңыз жоғалып кетсе, болған оқиға туралы 102 нөміріне қоңырау шалып, дереу полицияға хабарлау қажет екенін еске саламыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі