
Ұлан ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді
Ұлан ауданының полицейлері жедел профилактикалық іс шараларын жүргізу барысында аудан ауылының 49 жастағы тұрғынынан бірнеше қару түрлері түрі тәркіледіі: 12 калибрлі тегіс ұңғыл мылтық, 5,6 мм калибрлі "ТОЗ-8" маркалы ұсақ калибрлі мылтық, сондай-ақ 40-тан астам түрлі патрон.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарудың сақталу жағдайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешімі қабылданады.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі