
Күршім ауданының тұрғыны 230 келіден астам шаяндарды құжаттарсыз алып жүрген
"Браконьер" ЖПІШ аясында рейдтік іс шараларын өткізу барысында Бұқтырма су қоймасы учаскелерінің бірінің жағасында тиісті құжаттарсыз шаяндарды тасымалдаған 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "ВАЗ-2121" автокөлігі анықталды.
Көлікте жалпы салмағы 230 келіден асатын 10 қапқа жуық тірі шаян бар екені анықталды.
Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 1 452 000 теңгені құрайтынын хабарлаған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алу кезінде көлік иесі шаяндарды бұрын белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оларды көлікке тиеп, сату үшін облыс орталығына шығуды жоспарлағанын жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі