
ШҚО ПД жеке құрамы қысқы киім үлгісіне көшті
Ағымдағы жылдың 13 қазанында қысқы киім нысанына көшуге байланысты Полиция департаментінің алаңында жеке құрамның қатысуымен дәстүрлі саптық байқау өтті.
Саптық байқау барысында ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбеков полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетін жеке өзі тексерді. Ол нысанды киіміне, қызметтік куәліктерінің, жетондарының болуына, айырым белгілерінің, төсбелгілердің дұрыс орналасуына ерекше назар аударды.
"Бөлімшенің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі жүйелі түрде өткізілетін саптық байқаулар болып табылады. Аталған іс - шараны өткізу бөлімшелердегі тәртіп пен заңдылықты нығайтады, сондай-ақ халық алдында полицейдің оң имиджін қалыптастырады", - деп атап өтті Ренат Унарбеков.
Саптық байқау салтанатты шерумен аяқталды, содан кейін полиция қызметкерлері өз міндеттеріне кірісті. Полицияда ведомстволық талаптарға сәйкес саптық байқау жылына 2 рет, яғни жеке құрамның сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде өткізіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі