
Риддер тұрғыны полиция көлігіне тас лақтырған
Қаскөйді екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.
28 жастағы Риддер тұрғыны Риддер полиция бөлімі ғимаратының алдындағы автотұрақта бұзақылық ниетпен "ВАЗ" маркалы қызметтік көлікке тас лақтырып, көліктің алдыңғы қанаты мен терезе тазалығышын зақымдаған.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі