
2023 жылғы 11 қазанда Алтай қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.
Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
Алтай қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Алтай аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
ШҚО ПД баспасөз қызметі