
ШҚО-да Тай массажистері заңсыз жұмыс істеген
Заңсыз иммигранттар сауықтыру массажы қызметімен айналысқан.
Полицейлер "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Тайландтың үш азаматын анықтады.
"Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті ШҚО ПД Көші-қон басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жеңісқанов Нұрлан.
Үш күн ішінде «Заңсыз келуші» ЖПІШ кезінде көші-қон заңнамасын бұзған100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі