
Полиция Шығыс Қазақстан тұрғынынан тіркелмеген қаруды тәркіледі
Ұлан аудандық полиция бөлімі қызметкерлері заңсыз қару ұстады деген күдікті ер адамды ұстады.
36 жастағы күдіктінің үйі мен гаражын тінту кезінде жедел уәкілдер екі мылтықты, оқ-дәрілерді және мылтықтың құрамдас бөліктерін: шүріппе, сағақ және ұңғыны тауып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттар барлығы атуға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қазір тәртіп сақшылары ер адамның қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.
Полицейлер қаруды белгіленген параметрлерге сәйкес келетін сейфтерде сақтау қажеттігін, сейфте басқа заттарды ұстауға болмайтынын, қала тұрғындарының иелері үшін дабыл орнату міндетті болып табылатынын ескертеді. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен жайын ауыстырған кезде міндетті түрде ішкі істер органдарына хабарлау қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі