
ШҚО-да "Құқықтық тәртіп" және "Мотоцикл" ЖПІШ басталды
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, мотоцикл жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ апаттылыққа әсер ететін ҚР ЖЖҚ өрескел бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 2-6 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" және "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіледі.
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары ЖПІШ аясында:
- көллік құралына құқық белгілейтін құжаттарды және көлік құралдарын тексеру, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, олардың жеке басын тексеру және олардың өзімен бірге алып жүрген заттарын тексеру;
- жалдамалы пәтерлерді, бос қалған үйлерді, хостелдерді, саяжай алаптарын, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғай учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді тексеруді;
-қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық орын алуы мүмкін жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді қадағалауды күшейтуді, сондай-ақ
азаматтар көп жиналатын жерлерде;
– атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т. б. алып қою.;
- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз көшіп-қонушыларды анықтауды;
- бұрын сотталғандарды және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеруді;
- жол қозғалысын, оның ішінде қала сыртындағы автомобиль жолдарын қадағалауды күшейтуді жүзеге асырады.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.
Сондай-ақ, біз барлық мототехника иелерінен жолда өте мұқият болуды, әрқашан шлемді пайдалануды, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі