
Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген
Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деп күдіктелуде.
Жедел профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері Глубокое ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстаған, ол тиісті құжаттары жоқ "Иж-5" маркалы тіркелмеген тегіс ұңғыл мылтықпен қабанды атып өлтірген.
Оқиға орнынан құқық қорғау органдары заттай дәлелдемелер: мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркілеген. Шығын миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі "заңсыз аңшылық"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бапта ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ШҚО ПД барлық әуесқой аң аулауға адамдардың еліміздің табиғатты қорғау заңнамасы мен сақтық шараларын сақтауын сұрайды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі