
ШҚО ПД қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысқан шығысқазақстандықты анықтады.
"Қарасора-2023" жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында полицейлер өз ауласында 4 түп есірткі тектес өсімдік өсірген 34 жастағы Белоусовка тұрғынын ұстады. Сонымен қатар, күдіктіден жасыл түсті өсімдік тектес зат оралған екі бума табылды.
Сараптама жүргізу барысында тәркіленіп алынған салмағы 2 850 гр болатын өсімдік «марихуана» есірткі құралы екені анықталды. Күдікті қағаз орамада 47,55 грамм кептірілген марихуана сақтаған.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі және 300-бөлігі 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі