
Жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші масаң күйде облыс орталығында трактормен жүрген
Облыс орталығын Әл-Фараби көшесі бойынша патрульдеу барысында полиция қызметкерлері облыстың 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы "JCB" маркалы тракторды тоқтатқан, жүргізілген сараптама жүргізушінің есірткіге масаң күйде болғанын көрсеткен. Сондай-ақ, оның 29.04.2022 жылы сот шешімімен өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталған.
Қазіргі уақытта көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын мас күйде басқару қайтымсыз салдарға әкелетіні есіңізде болсын!
ШҚО ПД баспасөз қызметі