
Қадағалаудағы тұлғалар ШҚО пробация қызметінен жасырынып жүрген
Полиция қызметкерлері іздестірудегі тұлғаларды жалдамалы пәтерлерде ұстаған.
Глубокое ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері пробациялық бақылаудан жасырынған екі шартты түрде сотталған адамды ұстады.
2022 жылы Өскемен қаласының №2 соты Глубокое ауданының 32 жастағы тұрғынын ұрлағаны үшін 3 жылға және 6 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Алайда, сот үкімін елемей, азамат пробациялық бақылаудан қасақана жасырынған, содан кейін оған іздестіру жарияланған.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков «Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оны Өскемен қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстаған.Екінші есептегі тұлғаны да жедел уәкілдер Глубокое ауылында жалдамалы үйден ұстады. Іздестірудегі адам ҚР ҚК –нің 191 бабы "тонау" бойынша шартты түрде жазасын өтеуде»,- деп атап өтті.
Қазіргі уақытта қаскөйлер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пресс-служба ДП ВКО