
ШҚО полицейлері кезекті синтетикалық есірткі қойып кетушіні ұстады
Жедел іс-шараларды өткізу барысында ШҚО ПД полицейлері әлеуметтік желілер арқылы есірткі заттарын таратумен айналысқан облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады.
Сараптама көрсеткендей, тәркілеген зат жалпы салмағы 30 грамнан асатын психотропты «альфа-pvp» болып табылады.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігі-есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі