Шығыс Қазақстанда "Жасөспірім"ЖПІШ барысында 185 құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстанда "Жасөспірім"ЖПІШ  барысында 185 құқық бұзушылық анықталды

                                                                                   Шығыс Қазақстанда "Жасөспірім"ЖПІШ барысында 185 құқық бұзушылық анықталды

ШҚО-да 22-24 қыркүйек аралығында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер қылмысының алдын алу және білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.


Үш күн ішінде 185 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында масаң күйде болған 12 жасөспірім анықталды.


Мысалы, 22 қыркүйекте Ұлан ауданында 15 жастағы кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішу фактісі анықталды. Оның заңды өкілі ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Сондай-ақ, ЖПІШ өткізу кезінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз жүргені үшін 125 заңды өкіл жауапқа тартылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 30-дан астам фактісін тіркеді.

                                                                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі