
ШҚО-да полицейлер есірткі сатушысын ұстады
ШҚО-да жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ЕҚҚІБ полицейлері 33 жастағы азаматты ұстады, одан ұнтақ және түйіршік түріндегі зат салынған 26 орама тәркіленді.
Қорытындыға сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 16,867 грамм «альфа-пвп» психотроптық заты және салмағы 3,44 грамм «мефедрон» болып табылады. Жалпы салмағы 20,316 грамм болды.
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков атап өткендей: « Ұсталған әйел адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігімен - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды». Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі