
ШҚО тұрғынынан тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді тәркіледі.
Полицейлер тіркелмеген қаруды сақтау фактісін жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықтаған. Күдікті ауданның 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам өз үйінде 5 калибрлі «ТОЗ-8М» маркалы мылтықты, сондай-ақ оның 15 патронын сақтаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген қарулар оқ атуға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер оқ-дәрілер мен мылтықтарды заңсыз сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру жауапкершіліктен босатады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі