
Алаяқтар облыс тұрғынын 5 миллион теңгеге алдаған
Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғынынан өтініш келіп түскен.
Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі