
ШҚО ПД бастығының азаматтарды кезекті қабылдауы өтті
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қабылдауға келген облыс тұрғындарымен кездесті.
2 сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында облыстың бас полицейіне 12 тұрғын жүгінді, олардың кейбіреулері бейнеконференция арқылы қабылданды. Азаматтардың қылмыстық істерді, жол қауіпсіздігін, кадр саясатын және тергеу фактілеріне қатысты түрлі мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Ерлан Омарбеков Тарасовтар жанұясын қайта қабылдап, олардың өтініштерін қарады.
Қабылдауға құзыреті бар бөлімшелердің бастықтары да қатысты, оларға өңірдің бас полицейі бірқатар нақты фактілер бойынша жедел және сындарлы шаралар қабылдауды тапсырды. Қосымша зерттеуді қажет ететін іс материалдары жеке бақылауға алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі