ШҚО полицейлері интернет-алаяқтар тобын ұстады

ШҚО полицейлері интернет-алаяқтар тобын ұстады

                                                                                   ШҚО полицейлері интернет-алаяқтар тобын ұстады

 

ШҚО ПД криминалдық полиция "Киберпол" қызметкерлері интернет-алаяқтық фактілері бойынша көп эпизодты қылмыстық істі ашты.

Бұған дейін Өскемен қ.ПБ Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны өтінішпен жүгінген. Ол белгісіз адам оған қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтқан. Сұхбаттасушы оның атына ақшалай несие ресімделгенін айтып, өз көмегін ұсынған. Банктің жалған қызметкері сенгіш  жәбірленушінің сауалнамалық деректерін алып, оған 1 млн теңге көлемінде кредит ресімдеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үш күдіктінің жеке басын анықтады. Тәртіп сақшылары олардың үйлеріндегі заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Алаяқтардың шотында бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден астам жәбірленуші бар, ал залал сомасы шамамен 80 миллион теңгені құрайды.

Жас адамдар жұмысты  танымал мессенджер арқылы тапқаны анықталды. Олардың рөлі  Қылмыстық жолмен алынған бөтен адамдардың ақшасын банкоматтар арқылы заңсыз қолма-қол ақшаға айландыру болған. Кейін олар мәміленің белгілі бір пайызын алып, ақшаны криптовалютаға аударып отырған.

Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Ұқсас  фактілер республика аумағында да орын алған, онда алаяқтар сенгіш азаматтардың ақшасын иемденуді ғана мақсат етіп, әртүрлі әдістер мен схемалар бойынша әрекет еткен.

Полицейлер ең көп таралған алаяқтықтың әдістері азаматтарды сендіру, алдау немесе қорқытудың психологиялық әдістеріне негізделгенін ескертеді. Қаскөйлер өздерін  қауіпсіздік қызметінде немесе қаржы мониторингі қызметінде жұмыс істейтін немесе  банк қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар адамға күдікті әрекет туралы хабарлайды және  қаражатын қорғау шараларын қабылдауы үшін оларға карта деректерін айтуды ұсынады. Олар сондай-ақ өз қаражатын сақтау үшін ақшаны  жеке шотқа аударуға сендіреді.

Азаматтарға банк қызметкерлері өздерінің банктік шоттарында болып жатқан қандай да бір операциялар туралы телефон арқылы хабарламайтынын есте сақтауы қажет. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласу қажет.

ШҚО ПД баспасөз қызметі