Глубокое ауданында ер адам ұрлық жасаған

Глубокое ауданында ер адам ұрлық жасаған

                                                                                   Глубокое ауданында ер адам ұрлық жасаған

Глубокое АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі пәтер ұрлығы туралы өтінішпен жүгінген.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар балконның есігін қысу арқылы ашып, оның үйіне кіріп, ақша мен мүлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 400 000 теңгеден асты.

Өтінішті алғаннан кейін жедел уәкілдер дереу қылмысты ашуға кірісті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктіден заттай айғақтарды тәркіледі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ШҚО ПД баспасөз қызметі