
Алтай қаласының тұрғыны үйінің ауласында қарасора өсірген
Алтай АПБ-нің қызметкерлері «Қарасор-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адамды анықтады.
Күдіктінің үйінің ауласын тінту кезінде есірткіге ұқсас өсімдік табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдемелер ретінде алынған 690 г бұталар қарасора болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300 - бабы 1-бөлігі - құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп- өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі