Мас адамға жолда орын жоқ

Мас адамға жолда орын жоқ

                                                               Мас адамға жолда орын жоқ

Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмауға және жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 15-18 қыркүйегі аралығында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқарған 5 жүргізуші анықталды. Осы және басқа да құқық бұзушылардың көліктері мамандандырылған тұраққа қойылды, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлігі - жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, бұл он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде көлік басқарған 1 жүргізуші ұсталды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.

Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.

Есіңізде болсын, жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын мас күйінде басқару қайтымсыз салдарға әкеледі!

                                                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі