
Полицейлер алимент төлемеген кезекті адамды анықтады
Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне 2022 жылғы шілдеде жеке сот орындаушысының алимент төлемеушіні іздестіруге жариялау туралы қаулысы келіп түскен, ол 2018 жылдың қыркүйегінен бастап кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент төлемеген, қарыз сомасы 400 000 теңгеден асқан.
Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Алматы қаласында жасырынған 40 жастағы төлемеушінің орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментімен 70-тен астам алимент төлемеушілер анықталған.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі