ШҚО полицейлері 54 жылқыны ұрлау туралы істі тергеп жатыр

ШҚО полицейлері 54 жылқыны ұрлау туралы істі тергеп жатыр

                                                                                     ШҚО полицейлері 54 жылқыны ұрлау туралы істі тергеп жатыр

 

Залал 43 000 000 теңгеден асты.

 

Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас ІҚМ ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Ол сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін ауданның бір ауылының еркін жайылымынан белгісіз адам оның таңбаланған бір табын жылқысын алып кеткенін хабарлады.

Сонымен қатар, өтініш беруші биелердің бірінің мойнында JPS трекері бар екенін айтты, ол құрылғы арқылы жәбірленуші жануардың орналасқан қай жерде екенін тексерген, бірақ құрылғы ажыратылған күйде болған. Келтірілген залал 43 000 000 теңгеден асады.

Сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісті, аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылды.

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Аталған факті бойынша ШҚО ПД  ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өз малын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті сақтау нормалары талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:

- үш жақты шарттар («иесі» - «әкімдік» - «қойшы») жасасу арқылы малды қараусыз қалдырмау;

- малға таңба басу  және таңбалау міндетті, бұл болашақта ұрланған және жоғалған малды іздеуге, сондай-ақ табыншылар арасындағы ықтимал дауларды шешуге оң әсер етеді;

-қылмыс жасалған жағдайда олардың ашылуына ықпал ететін GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін кеңірек қолдану.

 

                                                                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі