ШҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы банк өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

ШҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы банк өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

                                                                             ШҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы банк өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде тәртіп сақшылары ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің басшылығымен өңірдің 10-нан астам ірі банктерінің өкілдерімен бірлесіп интернет - алаяқтықтың алдын алу және ашу бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге сот өкілдері де қатысты.

Бүгінгі таңда облыс бойынша интернет-алаяқтықтардың саны барлық қылмыстың 60% - дан астамын құрайды, ал келтірілген залал 600 млн.теңгеден асады.

Талдау көрсеткендей, алаяқтықтың негізгі тәсілі - бұл «сенгіш азаматтарға» айтарлықтай зиян келтіретін ірі көлемде онлайн-несиелерді рәсімдеу. Алдын ала жоспарланған қылмыстық схемаға сәйкес, ақшаны алуды «дропперлер» жүзеге асырады, олар жеке деректерін банкоматтар арқылы пайдаланып, ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны ұйымдастырушыларға әртүрлі тәсілдермен беретін адамдар болып табылады.

Жұмыс кездесуі барысында әрбір қатысушы өз ұсыныстарымен бөлісті, онда интернет-алаяқтықтың алдын алу, аталған қылмыстық істерді тиімді тергеу бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар азаматтар аталған фактілер бойынша жүгінген жағдайда іс-қимыл алгоритмін қалыптастыру туралы шешім қабылдады.

                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі