
ШҚО тұрғыны құны 50 миллион теңгені құрайтын 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған
Шығысқазақстандық полицейлер 7 тоннадан астам балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған күдіктіні ұстады.
Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Омбы-Майқапшағай" тас жолынын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы Камазды тоқтатқан.
Көлікті тексеру кезінде ер адамның балық толтырылған 280-ден астам полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге облыстағы ауылдардың бірінен тасымалдаған. Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын «көксерке» балықтарын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды. Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден астам.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігімен «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Әрі қарай жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі