
ШҚО полицейлері «Қару» ЖПІШ қорытындылады
5-9 қыркүйек аралығында тәртіп сақшылары тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактілерін анықтау, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ұрлауға жол бермеу, сондай-ақ қаруды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде 8 мыңнан астам атыс қаруының иесі есепте тұр, оларда 14 мыңнан астам азаматтық қару бар.
Жүргізіліп жатқан ЖПІШ барысында тұрғылықты жері бойынша қару иелерін жыл сайынғы жүйелі тексеруге қарамастан, облыс бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін 37 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте полиция қызметкерлері 28 бірлік қаруды тәркілеген.
Бес күн ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 15 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 22 бірлік қару мен 300-ден астам оқ-дәріні тәркіледі.
Құрметті қару иелері, Полиция департаменті сіздерді атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу, сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынан ескереді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі