Шығыс өңірінің полицейлер жанұясы "Мерейлі отбасы" республикалық ұлттық байқауында жеңіске жетті

Шығыс өңірінің полицейлер жанұясы "Мерейлі отбасы" республикалық ұлттық байқауында жеңіске жетті

                                                                                 Шығыс өңірінің полицейлер жанұясы "Мерейлі отбасы" республикалық ұлттық байқауында жеңіске жетті

Жеңімпаздарды әуежайдан туыстары мен әріптестері мерекелік жағдайда қарсы алды.


Байқау Қазақстанда 10 жыл бұрын құрылған. Ағымдағы жылы құрметті мәртебеге ие болу құқығы үшін 200-ден астам үміткерлер бақ сынасты. Республикалық деңгейде Шығыс Қазақстан облысының намысын Макиленовтар жанұясы қорғады.


Ернұр мен Әсем Макиленовтар ұзақ жылдар бойы халық игілігі үшін қызмет етіп келеді. Отағасы ішкі істер органдарында 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда ол Алтай ауданы Серебрянск қаласы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Жұбайы Әсем қазірдің өзінде ішкі істер органдарының зейнеткері, алайда ол құрметті демалыста да полицияда жұмыс істеуді таңдаған. Қазір әйел адам Серебрянск қаласының полиция бөлімінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы болып жұмыс істейді.


"Мерейлі отбасы" республикалық байқауында жеңімпаз атануға Макиленовтар отбасына махаббат, өзара түсіністік және отбасылық бірлік көмектесті. Ерлі-зайыптылар 13 жыл бойы тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бүгінде 3 бала тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Ерлі-зайыптылар балаларына еңбекқорлыққа, алға қойған мақсаттарына жетуде табандылыққа үйретуде.


Лауреат отбасына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

                                                                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі