Назар аударыңыз-балалар!

Назар аударыңыз-балалар!

                                                                           Назар аударыңыз-балалар!

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 27 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз-балалар!» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде.

Аталған іс-шараны өткізу барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жалпы білім беру мекемелеріне іргелес жатқан жол учаскелеріне 211 тексеру жүргізді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көше-жол желісінде қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіне 870 жол белгісі орнатылды және ауыстырылды. 98 мектептің жанына "Зебра" көлденең жол белгісі салынды. 86 білім беру нысандарында «Жылдамдық бәсеңдеткіш» жасанды жол кедергілері орнатылды.

Қозғалыс қауіпсіздігі мақсатында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдына орнату үшін балалардың 20 макеті дайындалды.
Есіңізде болсын, сіздің қауіпсіздігіңіз ғана емес, балалардың өмірі мен денсаулығы да жолдағы тәртіпке байланысты!

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі