
ШҚО ПД бастығының азаматтарды кезекті қабылдауы өткізілді
ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков өзінің қабылдауына келген облыс тұрғындарымен кездесті.
2 сағатқа жуық уақытқа созылған қабылдауда облыстың бас полицейіне 8 тұрғын жүгінді, олардың кейбірі бейнеконференция арқылы қабылданды. Азаматтардың қылмыстық істерді тергеу фактілеріне, жол қауіпсіздігіне, кадр саясатына қатысты түрлі мәселелері қаралды. Азаматтардың сауалдарымен қатар полицейлер №6 орта мектептің өкілі Айгүл Санатованың Өскемен қ. ПБ қызметкерлерінің атына оқушыға көрсеткен көмектері үшін алғыс сөздер де келіп түсті.
Белгілі болғандай, баланың заттары мен оқу құралдары өрт кезінде жанып кеткен.
- «Бауырмалдылық, алаңдаушылық көрсетіп, еңбекқор болғандарыңыз үшін рахмет! Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан игі істерге уақыт табатын осындай жұмылдырылған кәсіби қызметкерлерді тәрбиелегені үшін рахмет!»,- деп атап өтті мектеп әкімшілігі.
Қабылдауға құзыретінде өтініштер бар басқарма басшылары да қатысты, оларға Ерлан Омарбеков бірқатар нақты фактілер бойынша жедел әрі сындарлы шаралар қабылдауды тапсырды. Қосымша зерделеуді қажет ететін іс материалдары жеке бақылауға алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі