ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері шолақ мылтық пен винтовканы тәркіледі

ШҚО ПД ҰҚҚКБ  қызметкерлері шолақ  мылтық пен винтовканы  тәркіледі

                                                                                      ШҚО ПД ҰҚҚКБ  қызметкерлері шолақ  мылтық пен винтовканы  тәркіледі

                                   

ШҚО Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы  заңсыз айналымдағы  атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілерін алып қоюға , ұрланған және жоғалған қаруды іздестіруге бағытталған жедел іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

 

Ағымдағы жылдың тамыз айының ортасында ҰҚҚКБ  қызметкерлері қазіргі уақытта түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны 2021 жылы бас бостандығынан айырылғанға дейін Самсоновка ауылындағы көпірдің астына қару көмгені туралы жедел ақпарат алды. Келіп түскен сигналды тексеру барысында көрсетілген орын анықталып, онда таяз терең қазылмаған шолақ мылтық табылды.

 

Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат атуға жарамды 16 калибрлі "3К" үлгісіндегі тегіс ұңғылы бір ұңғылы шақпақты аңшылық мылтық болып табылады. Тіркелген және криминалдық қару есебінде жоқ.

 

Қаруды заңсыз сақтау туралы  ұқсас жедел ақпарат бірнеше күннен кейін облыс орталығының  51 жастағы тұрғынына қатысты келіп түсті. Ол да  расталды.

 

Гаражды дереу тінту барысында спорттық-аңшылық  ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілерімен  атуға арналған 5 мм калибрлі "ТОЗ-8" үлгісіндегі бір  ойық  мылтық табылып,  тәркіленді.

 

Қаскөйге  қатысты келуге  міндеттеу  түріндегі процестік  мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

 

Екі факті бойынша да ҚР ҚК –нің 287 - бабы 3-бөлігі- атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Аталған адамдарда қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік  шешімі қабылданатын болады.

 

 

Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді.

                                                                                                              ШҚО ПД баспасөз қызметі