«Учаске»ЖПІШ: ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

«Учаске»ЖПІШ: ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

                                                                                      «Учаске»ЖПІШ: ШҚО-да полицейлер заңсыз еңбек мигранттарын   анықтады                                   

Моңғолияның 3 азаматы Қазақстанның шығысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері "Учаске" ЖПІШ аясында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 3 шетелдікті анықтады.

Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар ағымдағы жылдың мамыр айында келген, бұл ретте оладың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Ұлан аудандық сотының шешімімен Моңғолияның  үш азаматы да  5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Айта кету керек, ЖПІШ кезеңінде Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі ел аумағынан  шығарылды.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда яғни заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны және елде рұқсатсыз тұрғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдаған  жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі