Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы ұсталды

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы ұсталды

                                                                                      Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы ұсталды

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ШҚО аумағында және одан тыс жерлерде спиртті аса ірі мөлшерде заңсыз жеткізумен және оны сатумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат алған.
Ақпарат тексеру барысында расталған, қала көшелерінің біріндегі өндірістік үй-жайда ШҚО ПД ҰҚҚКБ жедел уәкілдері ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлімшесімен бірлесіп 1994, 1999 және 1994 жылы туған үш ер адамды ұстаған.
Аталған қоймаларда көлемі 1000 литр болатын 10 пластик ыдыс, ерекше иісі бар мөлдір түсті зат құйылған, көлемі 30 литр болатын 3 пластик канистр және көлемі 20 литр ұқсас зат құйылған 2 пластик канистр, сондай-ақ спирт өндіруге арналған 2 электр насос табылып, тәркіленді. Өндіріс бөлмесінде алынған спирттің жалпы көлемі шамамен 4000 литрді құрады.
Әрі қарай жедел іс-шараларды өткізу барысында қаладағы ЖҚС-ның бірінің тұрағында "Volvo" маркалы жүк машинасы табылды, аталған көлікпен көрсетілген өндірістік базаның аумағына спиртті жеткізу жүзеге асырылған.
Автокөлікті тексеру барысында көлемі 1000 литр болатын тағы 11 пластик ыдыс табылып, тәркіленді, оның 7-уінде ерекше иісі бар мөлдір түсті зат болған және 4-уі бос болған.
Алынған спирттің жалпы көлемі-11000 литр.
Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 214 - бабы 1-бөлігі "заңсыз кәсіпкерлік" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

                                                                                                         

                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі