
Есірткіге-жол жоқ! Салауатты өмір салтын ұстан!
Өскеменде халықаралық жастар күні мерекесіне орай ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" ұйымымен бірге Өскемен қаласының ауыр атлетика чемпиондары және жаттықтырушыларымен бірлесіп "Есірткіге жоқ деп айт!» ұранымен спорттық шара өткізді.
Іс-шараны аша отырып ұйымдастырушылар жас қатысушыларды мерекемен құттықтап, синтетикалық есірткінің зияны және олардың заңсыз айналымының салдары туралы айтып берді.
Спорттық жарыстарға қаланың белсенді жастары, мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты, олар қарсыластарына армрестлингте, гір көтеруде, альпинизмде және арқан тартуда өздерінің күштерін, қабілеттері мен шеберліктерін ерекше ықыласпен көрсетті.
Жарыс жеңімпаздары грамоталармен, бағалы сыйлықтармен және іс-шараны ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға " Есірткіге жоқ деп айт!» логотипі бар кепкалар мен футболкалар таратылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі