
ШҚО тұрғынынан атыс қаруы тәркіленді
Шығысқазақстандық полицейлер заңсыз қару сақтаған күдіктіні анықтады.
Жаңа Бұқтырма кенттік полиция бөліміне жағалаудағы демалыс орындары бірінің дәмханасының жанында жеке тінту кезінде демалушыдан ҚР ІІМ базасында тіркелмеген "Оса" маркалы травматикалық тапанша табылып, тәркіленгені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Қару иесі есепке алынбаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген тапанша жеңіл, шулы және травматикалық патрондармен оқ атуға жарамды ұңғысыз атыс қаруы болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 - бабы 2-бөлігі “Оқ-дәрісіз атыс қаруын, жарақат алған патрондармен ату мүмкіндігі бар газ қаруын, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, сол сияқты оларға патрондарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың АЕК –ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі