ШҚО тасжолдарының біріне стробоскоптар орнатылды

ШҚО тасжолдарының біріне стробоскоптар орнатылды

                                                                                     

                                                                                       ШҚО тасжолдарының біріне стробоскоптар орнатылды

                

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда. Тәртіп сақшылары облыстың қала сыртындағы автожолдарының апатты-қауіпті учаскелеріне ерекше назар аударады.

Бұл жолы ШҚО ПД бастамасы бойынша ШҚО ҚазАвтоЖол ҰК АҚ ШҚОФ-мен бірлесіп "Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары" Республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде күн батареялары мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейтін қызыл-көк түсті гаммадағы жол стробоскоптары орнатылды.

Стробоскоптар жүргізушілерді авариялық-қауіпті учаскелер, ЖКО жиі орын алатын жерлер туралы қосымша ескертуге және жол жағдайын көруді жақсартуға арналған. Түнде қауіпсіздікті арттыру үшін әсіресе өшіп-жанатын маяктар қажет. Айта кету керек, құрылғылар автомобиль жолында көліктің болуына байланысты емес, тұрақты режимде жұмыс істейді.

Әкімшілік полиция ҚазАвтоЖол ҰК АҚ мен облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Самар ауылы, Семей қаласы, Риддер қаласы бағыттары бойынша ұқсас стробоскоптарды қолдануға бастамашылық жасады.

Полицейлер мен жергілікті атқарушы органдар үшін жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау маңызды міндет болып қала беретінін атап өткен жөн, алайда жүргізушілердің өздері де көлік тәртібі мен жылдамдық режимін сақтауды ұмытпауы тиіс.

 

                                                                                                              ШҚО ПД баспасөз қызметі