
Қазақстанның шығысында "Учаске" ЖПІШ аясында ауқымды тексерулер өтеді
Шығыс Қазақстанда 14 тамыздан 30 қыркүйек аралығында қызмет көрсетілетін учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықты барынша қамтуға бағытталған облыс тұрғындарымен сенімді қарым-қатынас орнату үшін "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері халықпен танысу, есепте тұрған азаматтарды тексеру және әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау үшін аулалар мен пәтерлерді аралайтын болады, сондай-ақ азаматтық қару иелері де тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерумен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, қоғамға жат әрекеттер мен қадағалаусыздықтың алдын алу үшін жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, қолайсыз отбасылар, жастар мен кәмелеттік жасқа толмағандар жиналатын орындар тексеріледі.
Облыс полицейлері тұрғындар мен қонақтардан ЖПІШ-ға түсіністікпен қарауды сұрайды, өйткені оның басты міндеті облыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі