
Өскемен қаласының тұрғынына белгіленбеген жерде намазхана ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды
ШҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны қаланың ойын-сауық орталықтарының бірінде тиісті құзыретті органдардың рұқсатынсыз намаз оқитын үй-жай ашып, діни рәсімдер өткізгенін анықтады. Намазхана меншік иелеріне де, мекемеге келушілерге де арналған. Ер адамның айтуынша, ол аталған бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы білмеген.
Қазіргі уақытта ер адам белгіленбеген жерлерде діни жораларды, рәсімдер мен жиналыстарды өткізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған соттың шешімімен 130 000 теңге сомасында айыппұл салынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі