
Ер адам масаң күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды
Өскемен қаласының Полиция басқармасына кешкі уақытта патрульдеу барысында Опытное Поле бағытындағы жолда 2000 жылы туған жігіттің басқаруындағы "ВАЗ 21060" маркалы автокөлік тоқтатылғаны,оның көлік құралын 7 жылға көлік басқару құқығынан айырыла тұра, орташа дәрежелі масаң күйде көлік құралын басқарғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі, яғни көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі