
Риддер полицейлері 10 жасар жоғалған қызды тауып, ата-анасына қайтарды
Ағымдағы жылдың 11 тамызында сағат 21:56 шамасында ШҚО ПД Риддер қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны келіп, оның 10 жасар қызы сағат 18.00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын хабарлаған. Өзі іздегеннен нәтиже бермеген соң, қыздың анасы полициядан көмек сұраған.
Риддер қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмаған қыз баланы іздеуге дереу бағыттаған. Іздеу шаралары барысында кәмелетке толмаған бала таңертең табылып, туыстарына қайтарылды.
Белгілі болғандай, қыз серуендеуге шешім қабылдап,бұл туралы ата-анасына айтпаған. Оны табуға отбасының танысы болған қырағы қала тұрғыны көмектесті . Әйел адам қызды өз үйіне шақырып, содан кейін туыстарына оның орналасқан жері туралы хабарлаған.
Полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды және оларға мұқият болуды сұрайды. Қараусыз қалған бала кез келген уақытта қиын жағдайға душар болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, егер сіздің жақын адамыңыз жоғалып кетсе, онда болған оқиға туралы 102 нөміріне қоңырау шалып, дереу полицияға хабарлау қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі