
Қала тұрғыны көкнәр өсірген
Осы жылдың шілде айының соңында полиция қызметкерлеріне облыс орталығына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны бақшасында есірткілік көкнәр өсіретіні туралы ақпарат түскен.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 1974 жылы туған күдікті азаматты ұстап, жеке басын анықтады.
Оқиға орнын шұғыл тінту кезінде 76 түп есірткі өсімдігі, 2 тостаған мен 3 шприц, сондай-ақ өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.Тәркіленген өсімдіктерге сараптама тағайындалды. Ер адамның түсіндіруі бойынша, ол оны жеке тұтыну үшін өсірген.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300 - бабы 2-бөлігі-құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі