
Полицейлер борышкерлерді табуды жалғастыруда
2023 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының Көші-қон қызметі бөлімінің полиция қызметкерлері екінші деңгейдегі банктердің бірінің пайдасына 1 300 000 теңгеден асатын қарызы бар 50 жастағы ер адамды анықтаған.
Іздестіру іс- шаралары барысында қызметкерлер борышкердің Өскемен қаласында екенін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысатын болады.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 55-тен астам борышкерді анықтады.
ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК-тың 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі