
ШҚО ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Бүгін ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков қабылдауға келген облыс тұрғындарымен кездесті.
Қылмыстық істерді тергеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 10-нан астам мәселе қаралды. Сондай-ақ, бүгін Ерлан Омарбеков Тарасовтар жанұясын қабылдап, олардың өтініштерін қарады.
Бас полицей өтініш білдіргендердің сұрақтарын бақылауға алып, басқармалардың жауапты басшыларына тапсырмалар берді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі