Өскеменде екі бопсалаушы ұсталды

Өскеменде екі бопсалаушы ұсталды

                                                                                      

                                                                                               Өскеменде екі бопсалаушы ұсталды

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлеріне Өскемен қаласының екі тұрғыны қала тұрғынынан ақшалай қаражатты күштеп алғаны туралы ақпарат келіп түскен.


Дабыл алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу тексеруге кіріскен, оның барысында ҚР ҰҰ арнайы бөлімшесімен бірлесіп фигуранттарды сәтті ұстаған, олар 1998 және 1997 жылы туған ер адамдар болып шыққан.


Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушіні қорқыту үшін қала сыртына күштеп апарған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде "iPhone 14 Pro" маркалы екі ұялы телефон, 800 000 теңге сомасындағы ақша және "Mercedes-Benz"маркалы автомашинаны иеленгені белгілі болды.


Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындап, заттай дәлелдемелер ішінара алынды (400 000 теңге сомасында ақшалай қаражат).


Сонымен қатар, ЖІШ барысында ұсталған автокөлікті тексеру барысында автокөлік салонында аңшылық мылтықтың кесіндісіне ұқсас зат және 4 дана патронға ұқсас заттар табылып, тәркіленді.


Маманның қорытындысына сәйкес, қаруға ұқсас зат - қосаусыз тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың кесіндісі болып табылады. Мылтықтың бұл кесіндісі тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі оқ-дәрілерді (патрондарды) атуға арналған. Ату үшін қолайлы.
Тәркіленген заттар саны 4 дана, патрондарға ұқсас-тегіс ұңғылы аңшылық мылтық қаруына арналған 12 калибрлі патрондар болып табылады. Зерттелген патрондар зауыттық тәсілмен жасалған (жабдықталған) және тиісті калибрлі патронмен қаруды атуға жарамды.


Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі, 125- бабы 2- бөлігі , 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі