Шығыс Қазақстан обылсында Mercedes пен КАМАЗ соқтығысқан

Шығыс Қазақстан обылсында Mercedes пен КАМАЗ соқтығысқан

                                                                                   

                                                                              Шығыс Қазақстан обылсында Mercedes пен КАМАЗ соқтығысқан

Ағымдағы жылдың 8 тамызында сағат 09.00 шамасында "Өскемен-Алматы" автожолында, облыс орталығынан 11 км қашықтықта жол-көлік оқиғасы орын алды. "Мерседес" маркалы автомашинаның жүргізушісі Өскемен Қалбатау ауылы жақтан келе жатып, қауіпсіздікке көз жеткізбей, ара қашықтық пен жылдамдық режимін сақтамай "Камаз"маркалы автомашинамен соқтығысқа жол берген.

Соқтығысу нәтижесінде "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

"Мерседес" маркалы көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 610-бабы 1-бөлігі, яғни көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауыңызды және бұзушылықтарға жол бермеуіңізді сұраймыз.